АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Алмалы ауданында бірнеше үй мен ғимарат жарықсыз қалды.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, Алмалы ауданындағы Бөгенбай батыр — Жамбыл — Амангелді — Желтоқсан көшелерінде жарық сөніп қалды.
Апаттың себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында арнайы бригада жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін Алмалы ауданында орналасқан Гоголь — Амангелді — Абай — Байтұрсынов көшелерінің тұрғындары жарықсыз қалғаны туралы жазған едік.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.