Алматының Орталық стадионы жанында көлік қозғалысы ішінара шектеледі
10:55, 31 Қазан 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы полициясы Орталық стадионда өтетін концерт алдында қауіпсіздік шараларын күшейтті.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, кептелістің алдын алу мақсатында Абай даңғылы, Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.
– Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясына тәулігіне 4,5 мың қоңырау түсетінін жазғанбыз.