Алматының Сайран жағалауында жасыл желек неліктен қурап жатыр — әкімдік жауабы

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматылықтар Сайран көлінің маңындағы жасыл желектің жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Фото: ашық дереккөзден

Тұрғындар желіде тиісті күтімнің болмауынан аумақтағы шөп пен ағаштар қурап жатқанын жазған. Бұл жағдайға түсініктеме берген Алматы әкімдігі бас мердігерге анықталған кемшіліктерді жою тапсырылғанын хабарлады.

— Кепілдік міндеттемелер аясында «Павлодар өзен порты» ЖШС күшімен автоматты суару жүйесін орнату және ретке келтіру бойынша қорытынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Сайран көлінің бүкіл аумағында автоматты суару жүйесінің жұмыс қабілеттілігіне кешенді тексеру жүргізіліп жатыр, содан кейін анықталған ескертулер жойылады, — деп хабарлады Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасынан.

Еске салайық, Сайран көлін абаттандыру жұмыстары 2023 жылы басталды. Қала әкімдігі алдымен жобаның эскиздерін ұсынды.

Кейін Сайран су қоймасының түбі 50 жылда алғаш рет тазартылды. Механикалық тазалау нәтижелеріне 142 мың текше метр лай және 23 тонна тұрмыстық қоқыс шығарылды.

2025 жылы абаттандыру жұмыстары аяқталмаса да, 2 маусымнан бастап Сайран көліне су толтырыла бастады.

Жоспарланған жұмыстардың уақтылы аяқталмауына байланысты Алматы әкімдігі Сайран көлін абаттандыру жобасының бас мердігері — «Павлодар өзен порты» АҚ қатысты сотқа талап арыз түсірді.