Қайғылы оқиға «Боралдай-Ақсеңгір» өткелінің 4034-ші шақырымында орын алды, деп хабарлады Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Алматы облысының 44 жастағы тұрғынын 31 жастағы машинистің басқаруындағы «Алматы-Астана» бағытындағы жолаушылар пойызының астына түсіп қалды. Оқиға орнында мерт болған азамат темір жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.