Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің баспасөз баянында хабарланды.
«Есiрткi заттарын заңсыз өткiзу және сату мақсатында сақтау» фактісі бойынша ҚР ҚК 259-бабының 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс үшін он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыру және жеке мүлкін тәркілеу немесе өмір бойы бас бостандығынан айырып жеке мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.
Қазіргі уақытта есірткі заттарын жеткізу арнасын анықтау мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.