Қала әкімінің орынбасары атап өткендей, өтінім кітабында қаланың Универсиада өткізуге әзірлігі және оған дайын болу мерзімі жан-жақты баяндалған. Онда ел басшылығының, қала әкімінің және министрліктер мен ведомстволардың хаттары, Алматы туралы толық ақпарат бар.
Алматы әкімінің орынбасары қала инфрақұрылымының көпшілігі қысқы Универсиада өткізуге қазірдің өзінде толық дайын екенін атап көрсетті, өйткен биылғы жылы Қазақстан Азиада ойындарын ойдағыдай өткізді.
Сондай-ақ бұл күні Алматыдан басқа қысқы универсиада өткізуге итальяндық Тренто қаласы өтінім берді. 2017 жылғы студенттік жарыстарды өткізуге Бразилия астанасы - Бразилиа, түріктің Каджаэли және қытайдың Тайпэй қалалары қосылды. Жеңімпаздар ағымдағы жылдың қарашасында FISU-де дауыс беру қорытындысымен анықталады.