Қаланың қатысуы туралы өтінішті «Универсиада Алматы 2017» атқарушы дирекциясы мен қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова бастаған «Қазақстанның шаңғы спорты қауымдастығы» өтініш комитеті ұсынды.
«Көрме 3 күн бойы жалғасады. 5 маусымда кеңес жеңімпаз қаланы анықтайтын болады. Бағдарламада трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысынан, шаңғымен жүгіру түрлері бойынша жарыстар қарастырылған. Өтініш білдірген қалалардың ішінде Германияның Оберстдорф, Словенияның Планица, Австрияның Сифилд қалалары бар», - деді Н. Түсіпов.