Бүгін Алматы қаласы делегациясы қала әкімі Ахметжан Есімовтың басшылығымен Брюссельге (Бельгия) келді.
Ертең, 29 қараша күні онда 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізуге үміткер елдер таныстырылымдарын жасайды. Алматы кандидатурасын қала әкімі Ахметжан Есімовтің өзі ұсынатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 2017 жылғы қысқы Универсиаданы өткізуге екі қала - Алматы және Тренто (Италия) үміткер болды. Алайда, экономикалық дағдарысқа байланысты Италия Үкіметі өз үміткерлігін алуға шешім қабылдады. Алматы қаласының еш бәсекелесі жоқ болғандықтан, Алматыны 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың астанасы болады дей беруге әбден болады.