Алматы 395 шақырым қашықтықта жер сілкінді
18:23, 30 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісі 2017 жылғы 30 наурыз күні 17 сағ. 10 мин. 22 секундта болған жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 395 шм қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
«Энергетикалық сыныбы 9.9. Магнитудасы - 4.5», - делінген кезекші оператор хабарламасында.