«Алматы агломерациясындағы тау кластерін дамыту бойынша француз және австрия сарапшыларымен шеберлік жоспары құрылды. Жобаны жүзеге асыру арқасында 1 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға болады. 200 шақырым шаңғы жолы, аталған нысандарда 50 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын, жақын салаларда қосымша 45 мың жұмыс орнын ашуға болады. Әлемде жаңадан ашылған әрбір оныншы жұмыс орны туристік салада ашылады», - деді Бауыржан Байбек.
Оның айтуынша, 2025 жылға таман Алматының туризм саласының жалпы аймақтық өнім көрсеткішін 6 пайызға жеткізу ойда бар.