Алматы ақ ұлпа қарға оранды

Фото: None
АЛМАТЫ.  ҚАЗАҚПАРАТ - Алматыда нағыз қысқы күндей ақ ұлпа қар жауып тұр, деп хабарлайды  ҚазАқпарат  тілшісі.

Биыл алғашқы қар былтырғыға  қарағанда ерте түсті. Алматы тұрғындары мен қонақтары табиғаттың тосын мінезін суретке, видеоға түсіріп, əлеуметтік желіге жариялауда.

Таулы аймақтарда, мəселен Шымбұлақта қар қазанның басында жауған болатын. Қазір бұл аудандарда қар биіктігі  тобықтан асып қалды. Қаланың ішінде жол қозғалысында  кептеліс  пайда болды.

Абырой болғанда, қаланың коммуналдық қызметі жылу жүйесін қосып үлгерді.

Бірақ, кейбір үйлерде жылу əлі жеткізіле қоймады. Ондай жағдайда жылу кешенінің ресми өкілі Ян Гирин  ПИК пен ғимарат иелеріне  шағымдану ға кеңес береді.
            

 

Соңғы жаңалықтар