АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталуы туралы әлеуметтік желілерде баяндалған ақпарат шындыққа жанаспайды»,- делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.
Сонымен қатар, басқарма өкілдері жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде және ақпарат агенттіктерінің сайттарында Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.