«Алматы әкімдігі маңында автокөлік қоятын орын бар. Ол жерге жүргізушілер автокөліктерін қалай болса солай қоя береді. Сондықтан, таяу уақытта ол жерде ақылы автотұрақ жасалады. Онда арнайы нөмірлері бар автокөліктерді де қоюға болады», - деді А. Керімбек.
«Алматы спецпаркинг сервис» ЖШС Бірыңғай автоматтандырылған автокөлік жүйесін Алматы әкімдігінің тапсырмасымен әзірлеген. Алматы қаласын дамыту жоспарына сәйкес, жобаны қолға алудағы басты мақсат - қалада автокөлік қоятын орындарды пайдаланудың реттелген жүйесін жасау.
Мамандардың айтуынша, автокөліктер мен қоғамдық көліктердің және жаяу жүргіншілердің қала көшелерінде жүруіне қолайлы жағдай жасаудың бір жолы - осы ақылы автотұрақтар жүйесін енгізу.