Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ықшам аудандағы көшенің біріне асфальт төсеу кезінде тұрғындар ол жерде металл люгы барын хабарлайды. Алайда, 0.6 метр тереңдіктегі құдық жол негізін дайындау кезінде байқалмаған.
«Тұрғындар люк орналасқан жер белгілі болу үшін үстіне дөңгелек қойған. Келесі күні ол жер қазылды. Кейін бетондау мен асфальттау арқылы қажетті деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта техникалық қадағалау мамандары мен тұрғындар бірлесіп, басқа да люктерді анықтау мақсатында ықшам аудандағы көшелерді қарап шығуға кірісті. Мәселе бақылауда», - деп хабарлады әкімдіктен.