Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше,Т. Рысқұлов даңғылын Ф.Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жобасы мемлекеттік сараптамадан өтті. Оның жалпы ұзындығы - 2,3 шақырым.
Сондай-ақ, осы жоба бойынша республикалық бюджеттен 100 млн теңге қаражат бөлуге өтінім берілді. Бірақ өтініш әлі мақұлданған жоқ.
«Қазіргі уақытта жерге орналастыру жобасы жер қатынастары басқармасымен бірге дайындалуда. Құрылыс-монтаж жұмыстары жер учаскелерін сатып алғанан кейін басталады», - деп хабарлады басқармадан.
Бұған дейін Алатау ауданының тұрғындары қала әкімімен кездесуде Т. Рысқұлов даңғылын Ф.Оңғарсынова көшесінен Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту жобасын қайта қарауын сұраған еді.
Фото: Алматы қаласының әкімдігі