Қала әкімдігінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде тараған тұтас гранитті тастардың жойылғандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек апаттық қаптау фрагменттері өзгереді, ал 1980 жылдардан бері сақталған сапалы гранит жабыны орнында қалады.
Сейфуллин даңғылының Үлкен Алматы каналымен (ҮАК) қиылысындағы көпір өткен ғасырдың 80-жылдарында салынған. Содан бері бұл көпір құрылысы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Әр жылдары ағымдағы жөндеу аясында сынған, тозған плиталарды ішінара, бөлшектеп қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Көпірдің қаптамасында материалдың екі түрі қолданылатынын атап өткен жөн: оң жағында – гранитті тастар, сол жағында – Сейфуллин даңғылының жүру бөлігінде – қалыңдығы 20 мм кесілген гранит плиталары.
Беті жылтыр, жақсы сақталған бүтін гранитті тастар ауыстырылмайды: оларды тазалау және тегістеу үшін алып тастайды, содан кейін олар осы учаскеде қайта пайдалануға және орнатуға жатады.
«Баспалдақ жиектерінде плиталарының ыдырауына қатысты ақаулар анықталғаны, тірек қабырғаларында және құрылымның өзінде гранит плиталарының қабыршақтануы байқалғаны атап өтілді. Мұның бәрі жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Жөндеу жұмыстары аясында бұл плиталар да тазартылып, бастапқы қалпына келтіріледі.
Сейфуллин даңғылының қозғалыс бөлігінің қаптау үшін қолданылатын қалыңдығы 20 мм кесілген жалпақ гранит плиталарына келетін болсақ: бүгінгі күні оларда ақаулар мен үгінділер бар. Бұл плиталар ұқсас плиталарға ауыстырылады. Бөлшектелген және ауыстырылған плиталардың жалпы саны 25%-дан аспайды»,- деп хабарлады әкімдіктен.
Орнатылатын гранит плиталарында мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаты бар.
«Жұмыстарды биыл шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Көпірді жөндеу жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түрксіб ауданы тұрғындарының жеке өтініштері бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, 10 шілде күні Алматы қалалық мобильділік басқармасы ҮАК арқылы Сейфуллин көпірін жөндеуге арналған БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз турын өткізеді»,- делінген хабарламада.