Алматы әкімдігі тікұшағын сатуға шығарды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімдігі 2002 жылы шығарылған МИ-32С тікұшағын сатылымға шығарды.

Қала әкімінің сайтында хабарланғанындай, Алматы қаласының қаржы Басқармасы, Алматының коммуналдық меншігіне қарасты жылжымалы мүлік нысандарын сату бойынша аукцион өткізіп жатыр.

Аукционға голландиялық әдіс бойынша МИ-32С тікұшағы сатылымға қойылды. Ол зауыттан 2002 жылы шығарылған.
Топтаманың бастапқы бағасы 139,5 млн. теңге, ал ең төменгі бағасы 4,2 млн. теңге.

Сауданың басталғаны туралы 2015 жылдың 31-ші желтоқсанында жарияланды. Бірақ ол өткізілген жоқ, себебі нысандарды сату бойынша аукциондық залда бір ғана қатысушы тіркелді.

Дегенмен, сауда әлі де жалғасады.