Алматы әкімдігі жарықтың өшіп қалу себебін түсіндірді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы тұтас қаланың жарықсыз қалуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін14:14-де «Алматыэнергосбыт» АҚ ЖЭС-2стансасының қайнар көзінде ақау болды. Соның кесірінен қаланың көп бөлігі электрқуатынсыз қалды. Қазіргі таңда ЖЭС-2 нысанында КЛ-220 кВ бойынша жарық берілді.Қаланы қоршаған сыртқы шеңбер бойынша KEGOC 220 кв желісінде қаланы электржелісіне қосу процесі жүріп жатыр. Бұл нысанды қайта қосуға 1-1,5 сағат уақыткетеді», - деп мәлім етті қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық дамубасқармасынан.

Қаланың барлықаудандары кешкі сағат 17:00-де электрэнергиясына толық қосылатын болады.

Қазіргі таңдақаладағы барлық бағдаршамдардың жұмысы реттелді. Көшелердегі жол қозғалысын реттеуге 400-ден астам жол-партульдік полиция қызметкері шықты.

Арнайы жұмыс тобыапаттың себебін анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар