Алматы әкімдігі жекеменшік балабақшалардағы азық-түлік шығындарын субсидиялайды
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен балабақшалардағы кезекті едәуір төмендету мақсатында жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысы бар жеке балабақшалардағы тәрбиеленушінің жасына қарамастан тамақтануға жұмсалатын шығындардың 100% - ын өтеу жоспарда. Субсидия сомасы 18 900 теңгені құрайды.
«Бұл жұмыс жеке сектормен талқыланды. Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдар және жеке сектормен келісім бойынша өлшемдер әзірленді. Өтінімдерді қабылдау ақпан айының басында басталады. Қаражат өтінімдердің түсуіне байланысты анықталады. Қанша орын анықталса, сонша орынға қаржы бөлінеді», - деді Л.Жылқыбаева.
Қазіргі уақытта 397 жекеменшік балабақшада мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған. Бұл бір балаға айына 28 мың теңге. Сонымен қатар, тамақтану үшін 18 900 теңге қосымша субсидия тек қосымша орындар үшін берілетін болады.