Оның айтуынша, бұрынғы бюджеттік бағдарлау ойынша Рысқұлов-Емцов, Сейфуллин-Жансүгіров, Рысқұлов-Құлжа тасжолы жолайырықтары құрылысын аяқтауға 7 млрд теңге қарастырылған.
«Биыл республикалық бюджетке қосымша тағы 5 млрд теңге бөлу туралы өтінім жеткіземіз. Республикалық бюджет наурызда қарастырылады. Қаржы дер кезінде бөлінсе, Назарбаев даңғылын Жансүгіров көшесімен қосатын боламыз», - деді Мақсұт Исахов.
Айта кету керек, мұның алдында Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев халықпен кездесуінде Жансүгіров-Сейфуллин жол айырығы 2019 жылы пайдалануға берілетінін айтқан болатын.
Аталған жобаның құрылысы 2015 жылы басталуы тиіс еді. Алайда қала билігі қаржының жетіспеушілігі себебінен бұл жобаны 2 жылға кейін шегеріп қойды.