Осыған байланысты Алматы әкімдігінде зообақтың қызметін жақсарту бойынша комиссия құрылды. Арнайы жұмыс тобы қала әкімі, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбектің тапсырмасымен зообақтың тұтастай қызметін жақсарту мақсатында шұғыл шаралар іске асырылады.
Құрамына мәслихат депутаттары мен қоғамдық комиссия мүшелері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері енген арнайы жұмыс тобы тиісті мемлекеттік мекемелердің басшыларымен, «Алматы Зообағына әлеуметтік көмек қоры» ЖҚ қызметкерлерімен бірге зообақ аумағында бірнеше рет көшпелі кеңес өткізді. Нәтижесінде бірқатар күрделі мәселелер қалалық әкімдіктің араласуымен оң шешіліп, жүйелі жұмыстар тізбегі қолға алынды.
Ертең 12-00-де мәслихат депутаттары, Алматы қалалық Қоғамдық комиссиясының мүшелері, Зообақ пен «Алматы Зообағына әлеуметтік көмек қоры» ЖҚ басшылары, тағы басқа жауапты мекемелердің өкілдері қатысуымен Жұмысшы комиссияның кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыс барысында Зообақ қызметін дамытуға және ашықтық пен жауапкершілікті күшейтуге бағытталған жұмыстар нәтижесі туралы жауапты қызметкерлердің есебі тыңдалады.