Штаб отырысында қала әкімі әкімдік қызметкерлері «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына бір күндік жалақысын аударатынын жеткізді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қор құрылды. Оның басшысы тағайындалды. Осыған байланысты қала әкімдігінің қызметкерлері бір күндік жалақыларын әлеуметтік қорға аудару туралы шешім қабылдады», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылған болатын.
10:13, 17 Қаңтар 2022
Алматы әкімдігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына біркүндік жалақыларын аударады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығыменАлматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.