деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Соңғы қоңырау шарасы барысында қала әкімі түлектерге ақ жол тілеп, оқу жылының аяқталуымен, сондай-ақ мектеп жанынан салынған қосымша жаңа ғимараттың пайдалануға берілуімен құттықтады. Аталған жаңа ғимарат «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында өткен жылдың маусым айында басталған болатын. Мемлекет тарапынан 205 миллион теңге бөлінген ғимарат 3 қабатты. 288 орынға лайықталған. Ғимаратта киім шешетін бөлме, 100 орындық асхана мен спорт зал, 13 оқу кабинеті, 2 компьютер сыныбы бар. Жалпы ғимаратты құралдармен жабдықтау үшін 15,5 миллион теңге жұмсалған.
Қазіргі кезде қалада 1 мектеп пен 2 балабақша ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ 1200 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді.