деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба бойынша алғашқы кезекте метро Райымбек даңғылынан Фурманов көшесінің бойымен Абай даңғылына және одан Гагарин көшесіне дейін іске қосылмақ. Қазіргі таңда "Райымбек", "Жібек жолы", Алмалы", "Алатау" стансыларында негізгі құрылыстар аяқталды. Ал "Абай, "Байқоңыр", «Әуезов атындағы театр» стансыларында құрылыс жұмыстары жалғасуда. Онда жер үсті жолдары, жүргіншілер өткелі, инженерлік коммуникациялар, сәулеттік-әрлеу және тағы басқа жұмыстары жүргізілуде. Биыл метро құрылысында 8 миллиард 297 миллион теңге игерілді. Қазір екінші жартыжылдыққа бөлінген 14 миллиард теңге де игеріле бастады. Елбасының 2003 жылы №1019 Жарлығымен бектілген Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша стратегиялық маңызды нысан саналатын метро құрылысының алғашқы желісі 2010 жылы іске қосылады.