Қала тұрғындарына жолдаған бейнежазбасында Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі ретінде қала тұрғындарына өз жауапкершілігін сезінетінін атап өтті.
«Алматы - әрбір қазақстандық үшін ерекше қала және біз оны жақсы көреміз. Менің басты мақсатым -Алматыны қауіпсіз, ыңғайлы, заманауи мегаполис жасау. Онда әрбір Алматы тұрғыны лайықты өмір сүруге мүмкіндік алады. Мен үшін сіздердің сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызға уақтылы жауап беру өте маңызды. Мен өздеріңізбен қаланың проблемаларын және оның даму стратегиясын ашық талқылағым келеді. Миллиондаған қала тұрғындарының тағдырына байланысты ұсыныстарды қабылдауда және дұрыс шешім шығаруда сіздердің қолдауларыңыз маңызды. Сіздермен диалогқа дайынмын! », -дейді мегаполис басшысы.
https://facebook.com/sagintayev.b/videos/373862916599907
https://facebook.com/sagintayev.b/videos/201732787425617
https://twitter.com/sagintayev_b/status/1145524862175367168
https://twitter.com/sagintayev_b/status/1145525409729175552
https://instagram.com/p/BzW74rnByBy
https://instagram.com/p/BzW7mfyhVUJ
Еске сала кетсек, 28 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болып тағайындалған болатын.