Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, алматылықтар «Бюджетке қатысу» жобасына белсенді қатысып жатыр. Қалалықтардан түскен ұсыныстар үш есеге өсті.
«Биыл жобаны жүзеге асыруға 7,4 млрд теңге бағытталғанын атап өткім келеді. Халық тарапынан сұраныстың артуына қарай қаржыландыру көлемі ұлғаяды», - деді қала әкімі.
Сонымен қатар, ол қалада абаттандыру жұмыстары жалғасатынын атап өтті.
«Көктемде әуежайдан Тұңғыш Президент саябағына дейінгі қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру (ұзындығы 25 км), тоғыз көшені (17 км) реконструкциялау басталады. 2023 жылыға жоспарланған сегіз көше бойынша жоба әзірленетін болады»,- деді Бақытжан Сағынтаев.