Алматы әкімі Доминикан Республикасының сыртқы істер министрімен кездесті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі  Бауыржан Байбек  Доминикан Республикасының сыртқы  істер министрі Мигель Октавио Варгас Мальдонадомен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараптар  мәдениет, туризм, инвестиция салалары бойынша ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Доминикан Республикасы СІМ басшысының  Қазақстанға алғашқы сапары екі ел арасындағы өзара байланысты дамытуға ықпал ететіні айтылды.

М.Варгас Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің  жоғары деңгейде өтетінін, оған Доминикан Республикасының да қатысатынын жеткізді.  

«Алматы қаржы орталығы, жеке капитал және сауда қаласы ретінде  танымал, біздің делегация құрамында банкирлер, өндірісшілер бар,  нақты инвестициялық жобалар туралы талқылауға мүмкіндік жеткілікті», - деді ол.

Доминикан Республикасы СІМ-нің басшысы Алматы  әкімін өз еліне ресми сапармен келуге шақырды, болашақта Санто-Доминго мен Алматының бауырлас қалаларға айналатындығына және екі қала арасында мәдени  байланыстың мықтап орнығатынына сенім білдірді.

Доминикан елінің өкілі «Смарт сити» бағдарламасы аясында тәжірибе алмасуға болатындығын айтты.

Соңғы жаңалықтар