АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі TAV Airports Holding президенті және Бас директоры Мұстафа Сани Шенермен кездесуінде жаңа жолаушылар терминалын модернизациялау және салу жөніндегі топтың инвестициялық жоспарларын талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ерболат Досаев Алматы Халықаралық әуежайы – қаланың визит карточкасы екенін және оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мегаполис экономикасына мультипликативті әсер беретінін атап өтті.
Бұдан бөлек, әуежайды жаңғырту мегаполистің туристік әлеуетін дамытуды күшейтеді, оның инвестициялық тартымдылығын және Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлылық деңгейін арттырады.
Ерболат Досаев қала билігінің жобаны қолдауға және нысанды белгіленген мерзімде тапсыру үшін проблемалар мен мәселелерді шешуге ықпал етуге дайын екенін атап өтті.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.