Қазіргі кезде ықшамаудан тұрғындарына ыңғайлы болу үшін отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынуда, себебі, жақын маңдағы емхана 4 шақырым жерде орналасқан. Медициналық мекеме алғашқы науқастарды биылғы жылдың күзінде қабылдай бастайды.
Кемел ықшамауданының тұрғындары ауыз суға қол жеткізуде үнемі қиындықтарға тап болуда. Сумен жабдықтауды электр сорғылары қамтамасыз етеді, электр қуаты ажыратылған кезде халықта су болмайды. Бұл проблемалар облыстың қаламен шекаралары өзгерген кезде «мұра» ретінде қалған. «Шетсіз қала» бағдарламасын іске асыру аясында осы мәселелерді шешу үшін инженерлік желілердің екі жобасы (электрмен жабдықтау және су бұрумен сумен жабдықтау) әзірленді. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған. Қала басшысы аудан әкіміне осы жобалардың іске асырылуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
Ықшамаудан тұрғындарының демалуына жайлы жағдай жасау мақсатында 10 мың адамды қамти отырып, демалыс және белсенді демалыс аймақтарын абаттандыру жобасы қарастырылуда. Кемел ықшамауданында жағалау аймағын салу жобасы 2020 жылы әзірленді. Нысанның құрылысы үшін республикалық бюджеттен 789,8 млн теңге сомасында қаржы сұралды.
Ауданды аралау барысында Алматы әкімі қарт адамдар йогамен, хореографиямен, айкунмен, скандинавиялық еңбек терапиясымен айналысатын, ағылшын және қазақ тілдерін оқытатын (ай сайын 70-80 адам барады) Мәдениет үйінің жұмысымен танысты, тұрғындармен кездесті, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Өзекті тақырыптардың қатарында қоғамдық көлік аялдамаларын ұйымдастыру, автобус бағыттарын өзгерту және т.б. мәселелер көтерілді. Кездесу қорытындысы бойынша қала басшысы қалалық Мобильділік басқармасына қоғамдық көлік қозғалысына сараптама жүргізуді және тұрғындардың мәселелерін қарау үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Қала әкімі Дулыға көшесіндегі апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындарымен де кездесті. Тиісті шаралар қабылдау үшін мәселе бақылауға алынды.
Жақын арада Кемел мен Көкжиек ықшам ауданының балалары Жайсаң көшесінде орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің секцияларына тегін бара алады. Оның құрылысын осы жылдың 1 тоқсанының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Көкжиек ықшамауданында қала әкіміне жаңа қарағай орманының аумағы көрсетілді. «Таза Қазақстан» экологиялық жобасын іске асыру аясында 3,1 гектар жерге 1 500-ден астам қарағай мен 11 мыңнан астам тал отырғызылды. 65 метр тереңдікте сорғыны орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, 25 текше метр суға қатысты 2 резервуар орнатылды. Қазіргі кезде ағаш көшеттерін тамшылатып суару тетіктерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Қала басшысы биылғы жылдың суару маусымына байланысты Жасыл экономика басқармасы жұмыстарды аяқтауы тиіс екенін атап өтті.
Ауданды аралау барысында Ерболат Досаев Көкжиек ықшам ауданындағы №177 мектепке барды. Оқу мекемесі қосымша құрылыс салу есебінен 600 орынға кеңейтілді, бұл орын тапшылығы мәселесін шешуге ықпал етті.
Қала әкімімен кездесу барысында Жұмысшы кентінің тұрғындары медициналық қызметтерге қолжетімділік мәселесі жөнінде айтып берді. Тұрғындар басқа аудандардың емханаларына баруға мәжбүр. Ерболат Досаев аудан әкіміне жаңа емхана салу үшін қолайлы жер учаскесін іздеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Жұмыс сапарының соңында қала әкімі «2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы» аясында Крылов, Скрябин, Гончаров көшелері мен Райымбек даңғылының аумағында салынып жатқан үйлердің құрылыс барысымен танысты. Қазіргі кезде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 30 ескі екіқабатты үйді сүріліп жатыр, олардың орнында 2024 жылға дейін 24 көппәтерлі үй (бұзылған 11 үйдің орнында 9 үй ағымдағы жылдың соңына дейін тапсырылады) салынады.
Аралау қорытындысы бойынша қала басшысы Жетісу ауданының әкімі Г. Көкебаеваның жұмысын мақұлдады және «Шетсіз қала» бағдарламасы аясында ауданды одан әрі дамытуды жалғастыруды тапсырды.