«Жібек жолы көшесінде жаяу жүргінші жол аймағын салу көктемде басталады. Ол Астана алаңында европалық үлгіде салынады», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарадағы баяндамасында.
Әкім өз сөзінде 20 саябақ және 400 аула қайта жөндеуден өтіп, абаттандырылатынын айтты.
Соның ішінде, қалаға қосылған аудандарға ерекше мән берілмек. Қала бюджетінің 60 пайызы Алатау, Наурызбай аудандарын дамытуға бағытталған.
Шаһар басшысы қоғамдық көлікті дамытуға көңіл бөлініп отырғанын жеткізе келе, екі метро стансасы құрылыс жалғасып жатқанын, солтүстік айналымда жол айырығы салынып жатқанын, Алтын орда базары алдындағы жолды кеңейту жүргізілетінін мәлім етті.
Бауыржан Байбек алдағы 2-3 жылда қаланы газдандыру жұмыстары аяқталатынын да айтты.