Алматы әкімі қалалық метрополитеннің логотипіне жарияланған байқау мерзімін ұзартты

МАТЫ. 2 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы әкімі қалалық метрополитеннің логотипіне жарияланған байқау мерзімін келіп түскен көптеген үндеулер мен бұл жобаның маңыздылығын ескере отырып, тамыздың 12-не дейін ұзартты.

Осы уақытқа дейін кәсіби ұжымдар мен жеке адамдардан 67 тапсырыс келіп түскен.

Байқаудың бірінші кезеңі тапсырыс қабылдау болып табылады. Барлық ұсыныстар logo.metro@gmail.com . адресінде қабылданады. Сонымен қатар байқауға материалдардың электронды нұсқасы PowerPoint немесе PDF түрінде тапсырылады.

Екінші кезеңі - қоғамдық дауыс беру. Байқаудың барлық талаптарына жауап берген логотиптер Facebook-тегі Алматы мәдени басқармасының бетінде жарияланады. Дауыс беру қорытындысы бойынша көп дауыс жинаған бес логотип таңдалып алынып, келесі турға өтеді.

Байқаудың үшінші кезеңі - бекітуге болады деген логотиптің баламалы нұсқаларының таныстырылымы. Қала құрылысы кеңесі мен сарапшылар қарап шығып, жаңа логотиптің нұсқасын бекітеді.