«Соңғы жылдары оңтүстік астанада әлеуметтік, коммуналдық, көліктік, тұрғын үй жаңғырту аясында бірнеше нысандар салынды. Оның ішінде 22 мектеп, 25 балабақша, 19 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді. Мұндай қарқынды құрылыс қаламызда бірінші рет болып отыр», - деді әкім.
Сонымен қатар, қала басшысы болашақта атқарылар ауқымды іс туралы да айтып өтті.
«Білім жылы аясында қалада 2760 орынға лайықталған 18 балабақша, 1200 орындық «Жас Қанат» мектебі салынып жатыр. Сонымен қатар, 6 мектепке жапсаржай салынуда», - деді әкім.
Қала әкімі құрылыс саласының жетекші мамандары мен ардагерлерін төл мерекесі қарсаңында арнайы төсбелгімен марапаттап, лайықты құрмет көрсетті.