Журналистердің сұрақтарына жауап берген Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өткен жылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын нығайту үшін қабылданған шаралар туралы айтты.
«Бүгінде қалада 3 эшелонға бөлінген 7 мың инфекциялық төсек-орын бар, оның ішінде - 5 мың кереует. Олардың жүктемесі 54%. Қазіргі уақытта инфекциялық ауруханаларда 350 жағдайы ауыр насқас бар. Оның 46-сының жағдай өте ауыр. 6 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған. Инвазивті емес аппаратта және HighFlo-да - 89 науқас.
Стационарларда 420 жансақтау орны бар, олардың жүктемесі 34% (152 науқас)», - деді қала әкімі.
Мегаполистің төрт мыңға жуық пациенті амбулаторияда емделіп жүр. Осы уақыт аралығында үйдегі науқастарға 409 мобильді топ пен телемедицина орталығы емдеу бойынша көмек көрсетті.
«Қазіргі уақытта COVID-19-бен күресуге 8 500 медицина қызметкері қатысуда. Резервте 2 758 медициналық маман бар. Алматыда 25 ПТР зертханасы бар, олардың барлығы жұмыс күні де, демалыс күні де қабылдауға дайын. Барлық зертханалардың тәуліктегі қуаты - 14 500 сынақ, бірақ оларды 24 мыңға дейін көбейтуге мүмкіндік бар»,- дейді қала басшысы.
Алматы әкімі маска режимі мен әлеуметтік ара қашықты қатаң сақтау керектігін еске салды. Сондай-ақ, қала тұрғындарын адам көп шоғырланған жерге барудан бас тартуға шақырды.