«Еліміздің дамуы, бизнестің алға басуы үшін соған сай заңдар қажет болды және олар қабылданды. Әрине, олар жетілдірілді, алайда оның негізі 1995 жылы 30 тамызда қабылданды, сол себепті осы күнді бүкіл ел атап өтеді. Бұл мереке қазіргі Қазақстанның дамуына жол салды деуге болады. Конституция - біздің ортақ үйіміз - Қазақстанда өмір сүру тәртібін белгілейтін негізгі заң. Егер біз Конституциямыз бен біздің заңдарымызды сақтайтын болсақ, елде тәртіп, амандық орнап, даму болады», - деді А.Есімов.
Велошабандоздар Әл-фараби даңғылы-Тәттімбет көшесінің бұрышынан Әл-Фараби даңғылы-Науаи көшесі-Мұстафин көшесіне дейін жүріп өтіп, Тұңғыш Президент саябағында мәреге жетті.
Осы шараға белсене қатысқан велошабандоздарға естелік сыйлықтар табыс етіліп, концерттік бағдарлама көрсетілді.