Алматы әкімі көпбалалы аналармен кездесті
Әкім олардың барлық сұрақтары мен ұсыныстарын жеке тыңдады.
Сұхбаттасуға келген аналар көбінесе әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру, тұрғын үй мен тұрмыстық жағдайды жақсарту, еңбекпен қамту, бүлдіршіндерді балабақшаға орналастыру бойынша көмек сұрады.
Тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетудің кешенді шаралары бойынша мүгедек баланы үйде оқытуға кететін шығынның орнын толтыру үшін берілетін атаулы көмек пен қиын жағдай туындаған кезде бір рет көрсетілетін әлеуметтік көмек көлемін арттыру жоспарланғанын атап өтуге болады.
Айта кетерлігі, Бауыржан Байбек бұрындары тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың екінші баласынан бастап балабақша шығынына өтемақы төлеуді қарастыруды тапсырған болатын.