Алматы әкімі мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауды тапсырды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев басқарма басшыларына мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдайды жасауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы әкімінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Алматы әкіміБақытжан Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі жандармен өткізген жиында бірнеше мәселенікөтерді.

«Олар үшінкөпқабатты ғимараттардың, пандустар мен табалдырықтардың, әсіресе барлықмемлекеттік және медициналық мекемелерде, ХҚО–ларда қолжетімді болуына немкеттіқарамаған жөн. Қоғамдық денсаулық және білім басқармалары жеке мекемелермен жұмысістеулері тиіс. Бұлар маңызды жұмыстар. Сайфеденов, Төсекбаев, Қожабергенова,Телібаев тексерулермен толық аудит жүргізетін болады», - деді қала әкімі.

Қоғамдық көліктермен бағдаршамдарға арнайы дыбыстық қондырғылар орнатылуы тиіс. Бұл зағип жәнекөзі нашар көретін жандар үшін қажет.

«Зағиптар меннашар көретіндер үшін аялдамаларды хабарлайтын дауыстық опциямен автобустардыңнебәрі 55%-ы қамтылған. Қозғалыс кезіндеоларды ұмыт қалдыруға болмайды. Көлікке отыру және түсу кезінде көмек көрсеткенжөн. Зағиптар үшін қауіпті бұрылыстардағы бағдаршамдарға дыбыстық белгіорнатылуы тиіс. Метроның жаңа бекеттерін салу барысында мүгедектерге қажетқолжетімділіктің барлық талаптары сақталатын болсын», - дейді Бақытжан Сағынтаев

Бұл — Әукеновкежәне қалалық мобилдік басқармасына берілген тапсырма.

«2019 жылымүгедек жандардың 60%-ы реабилитациямен және әлеуметтік қызметтермен қамтылған.Үкіметтік емес ұйымдар ересек мүгедектер үшін көпфункционалды реабилитациялықорталық ашуды ұсынды. Үлкен мәселе әрі қаржыға қатысты. Мәселе бірденшешілмейді, ұтымды жолдарын іздестіреміз. Бұл істі орынбасарларым Өсеров пенӘукеновке тапсырамын», - деді ол.

Мүмкіндігішектеулі мектеп жасындағы балаларды инклюзивті біліммен қамту жоспарда.

«Алматыда 9 мыңбала ерекше білім беруді қажет етеді. Оларды қаланың мектептеріне бөліп,инклюзивті білім беруге тартқан жөн», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Мүмкіндігішектеулі жандар үшін жұмыс орындарын ашу жалғаса бермек. Заңнамаға сәйкес,барлық кәсіпорындар 2% - 4%-ға квотаберулері тиіс.

«Өкінішке қарай, заңталаптары орындалмайды. Квота бойынша жұмыспен қамту деңгейі төмен.Еңбекпен қамту орталықтары, кәсіпкерлікбасқармасы саланың ҮЕҰ және кәсіподақпен бірге осы бағытта жүйелі жұмыстардыжүзеге асырулары қажет»,- делінген жазбада.

Бүгінгі күніАлматы қаласында 43200 мүгедек жан тұрады.

Соңғы жаңалықтар