Алматы әкімі «шолу шеңбері» әткеншегіне мінді

АЛМАТЫ. КАЗИНФОРМ - Алматыда HappyEye шолу шеңберінің (колесо обозрения) ресми ашылуы өтті.

HappyEye - Орталық Азиядағы ең үлкен шолу шеңбері. Нысан MEGA Alma-Ata ОСО аумағында орналасқан.

Жаңа шеңбердің биіктігі 60 метрге дейін жетеді. Жабық түрдегі 40 кабинада 208 орын бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаға салынған инвестиция көлемі 1,5 млрд. теңге. Алдын ала болжам бойынша, 4-5 жылда жоба өз құнын ақтап шығады.

Жаңбырлы ауа райына қарамастан, ашылу шарасына кішкентай балалар келді, аниматорлар олардың көңілін көтерді. Ашылудан кейін әрбір бала ата-анасымен бірге қаланы шолып шықты. Веложарыс ашылуынан келген Алматы әкімі Бауыржан Байбек олармен бірге қыдырды.

Үлкендерге арналған билет құны 1200 теңге, ал 5-12 жас аралығындағы балаларға - 800 теңге. 5 жасқа дейінгі балалар тегін міне алады. Кабинаның айналу уақыты - 16 минут.