Алматы әкімі тәртіп сақшыларына қаладағы қылмыстық жағдайды талдауды тапсырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев полиция қызметкерлеріне қаладағы қылмыстық жағдайға талдау жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қала тұрғындарын шаһардағы қылмыстық жағдай алаңдатып отыр. Алматықаласының Полиция департаментінде болған кездесуде мен уақыт бойынша, аптаныңкүндері мен қылмыс жасалған орындарбойынша қаладағы қылмыстық жағдайға талдау жүргізуді тапсырдым»,-деп жаздыБақытжан Сағынтаев Facebook-тегіпарақшасында.

Әкім Полиция департаментінің жаяу патрульдеу жұмыстарын жиілеткенінайтты. Осыған қарай патрульдеу бағыттары да өзгерді, енді тәртіп сақшыларыжайсыз аудандарда әрбір ауланы аралайтындығын айтты.

«Осы ретте қала тұрғындарын өздерінің тұрып жатқан аудандары менкөшелерінде қылмыстық жағдайдың қаншалықты өзгергендігі жөнінде айтып отырудысұраймын. Біздің қаламызда тәртіпсіздікке көнбеушілікті қалыптастыру керек.Қоғам өкілдері кеңінен қамтылмайынша, бұл мәселені толыққанды шешу мүмкін емес»,-дедіқала басшысы.