Алматы әкімі: Үш жылда мектептер мен балабақша желісін кеңейтеміз

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әкімдіктің міндеті – алдағы үш жылда мектептер мен балабақшаларды көбейту екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірлескен жұмысымыздыңмақсаты – «Шеті жоқ қала» қағидасы бойынша барлығын сапалы және заманауибіліммен қамтамасыз ету. Мен Алматының барлық аудандарын араладым. Түрлімектептерді көрдім. Қала тұрғындары білім сапасын арттыруға ниетті. Сондықтан,Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін қаладағы барлық мектептердеқолдану керек», - деді Бақытжан Сағынтаев білім беру жүйесі қызметкерлерініңфорумында.

Сондай-ақ, әкім 2013 жылданбері қолданылып келе жатқан компьютерлік базаны жаңартып, мектептіңматериалдық-техникалық негізін жаңғырту қажеттігін атап өтті.

«Ол үшін білім беру басқармасынабарлық мектептерде аудит жүргізіп, оларды жаңартудың үш жылдық бағдарламасынәзірлеуді тапсырдым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев міндеттегендей, білім берусаласындағы теңсіздікті жою маңызды. Әкімдіктің басты міндеті – қаладағы барлықмектептерге бірдей жағдай жасау», - деді әкім.

Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше,қаланың орталығындағы немесе шетіндегі болсын, олардың ата-анасының мәртебесімен жағдайына қарамастан барлық бала сапалы білім алуы тиіс.

«Біздің міндетіміз – алдағы үшжылда қала тұрғындарына қолайлы жерде мектептер мен балабақшаларды кеңейту.Қала тұрғындары орталықтағы және шеттегі білім беру сапасы мен деңгейінтеңестіруді ғана емес, жаңа мектептер мен балабақшалар ашуды қалайтындарынжеткізді», - деп түйіндеді Бақытжан Сағынтаев.

Еске салайық, Алматы әкімі жасмұғалімдерге ақшалай көмек бөледі.

Автор: Данияр Дауталиев

Соңғы жаңалықтар