деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиын барысында Елбасының халыққа Жолдауы мен ондағы міндеттерді жүзеге асыру барысындағы жастардың орны талқыланды. Сонымен қатар, білім беруді жетілдіру мен халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті интеллектуалды жастарды тәрбиелеу мәселесі сөз болды.Қала әкімі бұл бағытта жастарға өздерінің шығармашылық әлеуетін толық жүзеге асыра алуына барлық жағдайды жасау қажеттігін атап өтті.
«Мемлекеттің дамуы көп жағдайда білім беру саласының деңгейі мен мамандарды дайындау, олардың кәсібилігі, оларға патриотық тәрбие беруге байланысты», деді қала әкімі. Ол өз сөзінде жастардың қылмысқа бой ұрмауы мәселесін де атап өтті.Бұған қатысты сөз алған қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы Ерлан Тұрғымбаев жастардың қылмысқа жол бермеуі үшін студенттік қалашықтарда полиция пункттерінің ашылғандығын, сондай-ақ бұл бағытта арнайы студенттік отрядтардың жұмыс істейтіндігін айтады. Бүгінде аталған отрядтарда 500-ден астам студент жұмыс істейді. Кездесу барысында сөз алған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов қаладағы жоғары оқу орындарының елдің инновациялық-индустриялық дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді. Ректордың айтуынша, бұл шараның басы ретінде Алматы әкімдігімен бірге Жоғары оқу орындары қауымдастығы алғашқы инновациялық конвент өткізеді. Бұнда 30-ға жуық инновациялық жобалар қатысып, жеңімпаздарына оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі. Кездесу соңында қала әкімі ректорлардың еңбегін жоғары бағалап, барлықтарының алдында Елбасы қойған интеллектуалды, патриот, бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеу міндеті тұрғанын атап өтті.
Анықтама: Қазіргі кезде Алматыда 52 жоғары оқу орны, 69 колледж, 11 кәсіптік-техникалық лицей жұмыс істейді. 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 390 мың адамды немесе қала халқының 30 пайызын құрайды. Студенттердің жалпы саны 265 мың адам, оның 187 мыңы жоғары оқу орындарында, 65500-і колледждерде оқиды.