Алматы әкімінің орынбасары атышулы түнгі клубты өз бақылауына алды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қоғамдық кеңестің отырысында Ерлан Әукенов Алматыдағы атышулы танымал SkyBar түнгі клубына қатысты мәселені өзі шешетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалажастарының сүйікті және танымал түнгі клубына байланысты тұрғындардан жиі шағымтүседі.Қоғамдық кеңес мүшелеріне осы мәселені түбегейлі шешу керек деп отыр.

« Sky Barклубына қатысты шара қолданамыз.Бақылауда ұстаймыз. Солжерге барып бәрін өз көзімізбен көреміз»,- дейді Е.Әукенов.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары жол-көлік оқиғаларыныңбасым бөлігіне осы түнгі клубтан шыққандар кінәлі екенін баса айтты.

« Біз Алматы қаласының түнгі өміріндегі қауіпсіздіктіқамтамасыз етуіміз керек. Қайғылы оқиғалардың көпшілігі түнгі клубтар менойын-сауық орындарынан шыққаннан кейін орын алады. Мұны қоғам өте ауырқабылдайды. Сондықтан,ең алдымен барлық бейнебақылау камераларын біріктірукерек »,- деді ол.

Бұдан бөлек, Алматы қаласы әкімінің орынбасары қоғамдық кеңесте «Ақылды» бағдаршам және алимент төлеуден жалтарғандарға қатысты да айтқан болатын