Бұл рейтингте Алматы Киев (18-орын), Бакуды (20), Тбилиси (21), Бішкек (30) және Астана (35) қалаларын басып озды.
«Бұл - үлкен жетістік. Аталған рейтингке Алматы 2015 жылы 35-орында болған. Егер посткеңестік елдер кіретін Еуразия аймағын бөліп салыстыратын болсақ, онда Алматы 2-ші орында», - деп жазды «Алматыны дамыту орталығы» басқарма басшысы Әсет Әбдуалиев Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.
Айта кетейік, Emergin Markets рейтінгі бойынша, Дубай, Әбу-Даби, Кейптаун қалалары ең инновациялық қала атанды.