Сондай-ақ, жарықтандыру құрылғылары бойынша жұмыстар аяқталып, негізгі автожолда қозғалыс ашылды. Бұдан басқа, темір-бетон плиталарын металл конструкцияларына монтаждау, құрылыс қалыптарын монтаждау жүріп жатыр.
Шілде айының басында асфальтбетон төсемін орнату және абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін «Таға» түріндегі эстакада арқылы қозғалысты ашу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта учаскіде 100 адам және 15 бірлік арнайы техника жұмысқа жұмылдырылған. Екі ауысымдық жұмыс ұйымдастырылған.
Нысанның аяқталуы 2021 жылдың қазан айына жоспарланған және ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің ерекше бақылауында.