«Алматы Аренада» автотұрақ санын 2500 орынға ұлғайтты
16:43, 21 Желтоқсан 2016
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы Арена» мұз айдыны автоұрақ орнын 2500-ге ұлғайтты, деп хабарлады қалалық әкімдікке сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Жаппай шараның өтуіне байланысты қалалықтарға қолайлы жағдай жасау үшін «Алматы Арена» мұз кешенінде автотұрақ орны 700-ден 2 500-ге ұлғайтылды. Сонымен, бүгінде әнші Қайрат Нұртастың қатысуымен көрермендерге арналған автұрақ орны пайдалануға беріледі», - деді әкімдік баспасөз қызметінен.
Бұдан басқа, коп көрермен қатысқан жағдайда, Алматы ІІД аумақты реттеуішпен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта 2017 Универсиадаға арналып салынған спорт құрылыстары белсенді пайдаланылуда.
«Алматы Аренада» ашылғаннан кейін Қанат Исламның кәсіби бокс матчы, «Қазақ күресі» халықаралық турнирі, Филипп Киркоровтың концерті, футбол залы бойынша УЕФА кубогының элиталық раунды өтті.