Алматы арнасынан асуы мүмкін көлдердің суын азайту жұмыстары аяқталды
18:54, 04 Тамыз 2017
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда арнасынан асып кету мүмкін болған 3 таудағы көлдің суларын азайту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖД басқармасына сілтеме жасай отырып..
«Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде мейлінше жарып өту қауіпі болған тау көлдерін босату жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда мұздақтардан келетін суды бұру көрсеткіші 1,3 есеге көбейді. Сонымен, бүгінгі таңда Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде орналасқан № 1 бис және № 1 А, № 7 көлдеріндегі жұмыстар аяқталды» , - делінген хабарламада.
Су деңгейін төмендету орнатылған сифондар мен эвакуациялық арналар көмегімен және өнімді сорғылар арқылы жасалды.
«Жалпы, жұмыс басталғалы 9 көлден шамамен 3 млн текше метр су жіберілді. Қазіргі кезде 9 көлдің ешқайсысынан Алматыға төнетін қауіп жоқ», дейді ТЖД баспасөз қызметінен.