Байқау дирекциясы Алматының ең әдемі аруы халықаралық байқауда бақ сынайды деген шешімге келді.
Сұлулық байқауына кастинг 27 маусымда басталады. Қазірдің өзінде 40 үміткер өтінім берді.
«Жылда 200-ге жуық бойжеткен өтініш береді. Олардың ішінен 25 қыз іріктеліп алынады. Кейін 2 ай бойы олар түрлі қайырымдылық және мәдени шараларға қатысады. 2015 жылы өтетін мерейтой өте көп. Сондықтан, биылғы байқаудың тақырыбы да осы даталарға байланысты болмақ. Финал қыркүйек айында болады», - деді байқау директоры Совет Сейітов.
«Қазақстан аруы-2014» Регина Вандышева аталған шараға белсенді ат салыспақ.
Ол қазір биыл желтоқсанда Қытайда өтетін «Әлем Аруы» байқауына дайындалып жатыр.