Тас жолмен қалаға бағыт алған ВАЗ-2114 жүргізушісі көлік тізгінінен айрылып қалып, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен.
Соның кесірінен ВАЗ-2114 қарсы беттегі Тойота Вистамен бетпе-бет соғылған.
Жол апатынан Тойота Виста көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы, ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы жарақат алды.
Жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын полиция анықтап жатыр.