Алматы-Астана бағытындағы пойыз басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің қызметкерлері №3/4 Алматы - Астана бағытындағы жолаушылар пойызына Шу-Сарышаған учаскесінде жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында көліктік заңнаманы бұзып,

жолаушылар пойызына билетсіз отырған 30 жолаушыны анықтады. Аталған пойыз жеке тасымалдаушы компания «Тұран Экспресс» ЖШС-не тиесілі. Бұзушылыққа жол бергені үшін пойыз басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұдан басқа, Теміржол көлігінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесінің талаптарын сақтамағаны үшін және тасымалдаушының Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруын субсидиялау жөніндегі келісімшартты орындамағы үшін «Тұран Эскпресс» ӨК» ЖШС-не айыппұл салу мәселесі қарастырылады.

Көліктік бақылау комитетінде атап өткендей, жолаушыларды билетсіз тасымалдау Теміржол көлігінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесін бұзудың негізгі факторы болып табылады.

2013 жылдың І жартыжылдығында еліміздің темір жолдарында 1028 жолаушылар пойызы тексеріліп, 733 жолаушының пойызға билетсіз отырғаны анықталды.