«Кезінде Қазақстанның Татарлар және башқұрттар қауымдастығы мемлекеттік органдар мен авиакомпанияларға «Астана-Қазан-Астана» және «Алматы-Қазан-Алматы» авиарейстерін ашу туралы тиісті өтінішпен шыққан болатын. Бүгін, интеграциялық байланыстардың дамуы мен халықтың өтініштерін ескере отырып, күн тәртібіне «Алматы-Астана-Қазан» маршруты бойынша тіркемелі вагон бөлу мәселесі шығарылды», - деді конгресс басшысы Тауфиқ Кәрімов.
Сондай-ақ Татарстан Президентіне Қазақстандағы татар және татар-башқұрт этномәдени ұйымдарының жұмысы жайлы әңгімелене келе, екі республика арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту бойынша бірқатар бастамалар жеткізілді.