Алматы ауданында субұрқақтарды тоқтатып қою жұмыстары аяқталуда

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Елордада қысқа дайындық жұмыстары аясында субұрқақтар жазғы режимнен қысқы режимге ауыстырылады. Алматы ауданында субұрқақтарды тоқтатып қою жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы Алматы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

«Су бұрқақтарды күтіп ұстауды мердігер ұйым «Астана Көгалдандыру құрылысы» АҚ жүргізеді. Бүгінгі күні 12 су бұрқақтың беті жабылып, «Әзірет сұлтан» мешітінің жаныдағы су бұрқақты жабу бойынша жұмыстарды 26 қазанға дейін аяқтау жоспарланған»,- делінген әкімдік таратқан хабарламада.